Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Самарқандта екі басты егіздер дүниеге келді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 09:40 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/406170-samar-andta-siam-egizderi-d-niege-keldi





Өзбекстанда екі басты сиам егіздері дүниеге келді. «Севи-млИ» телеарнасының «Замон» ақпараттық бағдарламасының хабарлауынша, нәрестелер Самарқанд облысында туған.

Қазір олар медициналық орталықтың терапия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр. Қос сәбидің тынысы тарылып, жүрегінде ақау бары анықталды. Жаңа туған қыз балалар әлемде өте сирек кездесетін сиам егіздерінің дицефалды түріне жатады дейді дәрігерлер. Олардың денесі, жүрегі, асқазаны, жатыры бір. Сонымен бірге екі қолмен және екі аяқпен дүниеге келген. Мұндай патология 2 жүз мың шақалақтың біреуінде ғана кездеседі екен. 

Фаровон Самиев, дәрігер:

- Біз ұрықтың ақауын жүктіліктің 21-аптасында аңғардық. Бұл туралы әке-шешесін ескертіп қойғанбыз. Жалпы мұндай патологияның бірнеше себебі бар. Мысалы, жақын туыстар арасындағы некеден, бала көтеретін жастан өткеннен кейін босанудан, радиациялық зақымнан, экологияның нашарлануынан сиам егіздері тууы мүмкін.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211477
Пікірлер

Көрші сілтемелер