Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Петропавлда ескі үйлер тегін жөнделеді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:50 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406146-petropavlda-eski-jler-tegin-zh-ndeledi





Петропавлда кіреберіс көшелердің бірі абаттандырылады. Қалалық әкімдік қызметкерлері онымен бірге ескіріп қалған 80 – нен астам жер үйді жөндеп бермек. Ол үшін тұрғындардан бір тиын да талап етілмейді. Шатыр, қоршаулар тегін қойылады.

Владимир Сорокин бұл үйде 30 жыл тұрады. Зейнеткер қас – бетін жөндеуге қауқарсыз. Сондықтан құрылысшылар: «тегін істеп береміз», - дегенде сенер – сенбесін білмеді.

Владимир Сорокин, қала тұрғыны:

- Үйім ескі болды. Оны жаңартуға ақшам жетпей жүрген. Сыртын қаптап, қоршап берді. Бәрі сапалы. Ұнады. 

Биыл Потанин көшесі толық абаттандырылады. Ол үшін бюджеттен 250 млн теңге бөлінген. Қазір мұнда суағарлар салынып, ағаштар егілді. Шенеуніктер қаланың кіреберісі болғасын ба, ескі үйлерді де жөндеп беруді жөн санапты.

Вячеслав Коняхин, жұмысшы:

- Кейбір үйдің шатыры ауыстырылады. Қоршау қойылады. Керек болса, іргетасын да нығайтамыз. Тұрғындармен кездесіп, алдын ала келісіп аламыз.

Тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарын демеушілер көтеріп отыр. Қалалық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, бұл көше бастан – аяқ абаттандырылады.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы:

- Одан бөлек бұл көшеде болатын, барлық жарық шамдар, ағаштар олардың барлығы да осы тарихи стильде болмақ. Сондай-ақ бұл жерде саябақ орналасады деп жоспарланып отыр. Ол мұражай сияқты болады. 

Үйде отырған жұрт жөндеу жұмыстарын өздері қадағалап, көмектесіп жүр. Көше қазан айында дайын болады.   

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211458
Пікірлер

Көрші сілтемелер