Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақмола облысында жергілікті маңызы бар 700 шақырым жол жөнделеді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаң



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:10 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406141-a-mola-oblysynda-zhergilikti-ma-yzy-bar-700-sha-yrym-zhol-zh-ndeledi





Ақмола облысында биыл 700 шақырымға жуық жергілікті маңыздағы жолдар жөнделеді. Ал бұл мақсатқа ел қазынасынан 39 млрд теңгеден астам қаражат бөлінген.

Мамандардың айтуынша, нәтижесінде өңірдің бірқатар елді мекендерінде жол сапасы жақсарады. Құрылыс әсіресе қазір облыс орталығында қызу жүріп жатыр. Жақында орталық көшелердің асфальт-бетон жабындысы жаңартылса, қазір Назарбаев даңғылы мен Ғабдуллин көшелері кеңейтіліп, Қылшықты өзенінің бірнеше жерінен жаңа көпірлер салынуда. Сала мамандарының сөзінше, жол құрылысы аудан, ауылдарда да қарқынды. Жол сапасын тексеретін мекемелер болса, барлық жұмыстар қатаң бақылауда болады. Ал бөлінген қаражаттың тиімді және мақсатты игерілуін жергілікті Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторинг тобы қадағаламақ. Себебі бұл да сапаға әсер етері сөзсіз. 

Александр Волков, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының инженері:

- Жол сапасын тексеру алдымен жердің өзінен басталады. Біріншіден, топырақтың тығыздығы мен құрамы сараланады. Одан кейін қиыршық тастың да физика-механикалық сипаттамасы тексеріледі. Ал асфальт төселген соң одан сынама алынып, оның құрамы, тығыздығы, төзімділігі арнайы зертханада сарапталады. Жалпы жол сапасын тексеру осындай бірнеше кезеңнен тұрады.

Владимир Кулаков, облыстық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары

- Үлкен жобалар, ол: Балкашино-Шаңтөбе, Ақсу-Бестөбе-Изобильное жолдары, Еленовка-Чистополье-Есіл Солтүстік Қазақстанға шығатын жол. Щучинск курорттық зонада биыл Первая линия, Алимусиных көшелерінің жобаларын іске асырайын деп жатырмыз. Зеренді курорттық аумағы бойынша биыл Көкшетау-Атбасар жолы жасалынады. Ол Көкшетаудан Зерендіге қарай жол жасаймыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211440
Пікірлер

Көрші сілтемелер