Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


СҚО-да ірі қара малдан бруцеллез анықталды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 07:50 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406138-s-o-da-iri-ara-maldan-brutsellez-any-taldy





Солтүстік қазақстан облысында 25 ірі қара малдан бруцеллез індеті анықталды. Жұқпалы аурудың ошағы тіркелген Өндіріс елді мекені бүгінгі күні ветеринарлардың қатаң бақылауына алынды.

Жергілікті тұрғындар қауіпті дерттен құлан таза. Қазір бұл кеселдің белең алмауы үшін округ әкімі және ветеринарлық дәрігердің шешімімен ауылда шектеу шаралары енгізілді.

Айта кеткен жөн, өткен аптада өңірдегі Тимирязев ауданында да 7 малдан осы ауру анықталған еді. Қазір мұнда жағдай тұрақты.

Қайырлы Қазанов, облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- Өндіріс елді мекенінде ауруға шалдыққан малдардан әр 15-20 күн сайын сынама алынады. Мұнда қазір біздің мамандар санитарлық талаптардың орындалуын қатаң қадағалауда.  Ал Тимирязев ауданында жағдай жақсы. Мұнда жеті бас ірі қара сойылып, ет комбинаттарына тапсырылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211432
Пікірлер

Көрші сілтемелер