Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Румыния астанасында «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 00:40 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/406136-rumyniya-astanasynda-n-r-s-ltan-sayaba-y-ashyldy



Румыния астанасында «Нұр-Сұлтан» саябағы ашылды


Бүгін Румыния астанасының ең көрікті жерлерінің бірінде «Нұр-Сұлтан» саябағы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, іс-шараны Қазақстанның Румыниядағы Елшілігі Қазақстан-Румын Іскерлік кеңесінің және Бухарест қаласы 1-сектор мэриясының қолдауымен өткізді.

Саябақтың ашылуы Елорда күніне және ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтойына орайластырылған. Оған мемлекеттік органдардың өкілдері, Румынияның қоғамдық және іскерлік топтары, дипломатиялық корпус пен БАҚ өкілдері қатысты.

«Айтулы іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімдігі мен Бухарест қаласы 1-секторының мэриясы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандум себепкер болды», - делінген ақпаратта.

«Баяндамашылар екіжақты қатынастардың дамуындағы оң динамиканы, сондай-ақ «Нұр-Сұлтан» саябағының ашылуы достас екі халық арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам ретінде қарастырылатынын, Қазақстан-Румыния байланыстарын тереңдетудегі осындай мәдени өзекті оқиғалардың тарихи маңыздылығына назар аударды.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 және 2007 жылдары Румынияға жасаған сапарлары Қазақстан-Румыния қатынастарына алғаш серпін берген болатын. Сол уақыттан бері Румыния Қазақстанға 1,7 млрд АҚШ доллар инвестициялады. Екі ел арасындағы жылдық тауар айналымы бүгінде 1,8 млрд АҚШ долларына жетті», - делінген СІМ мәліметінде.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211353
Пікірлер

Көрші сілтемелер