Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Махаббат жас талғамайды. Алматыда ерекше неке қию рәсімі өтті - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 00:10 - 2020/07/01

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406133-almatyda-erekshe-neke-iyu-r-simi-tti






Бүгін Алматыда ерекше неке қию рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24.

Бірінің жасы 80-нен асқан, ал екіншісі 90-ды еңсерген қариялар көп жылдан кейін некесін заңдастырды. Олардың махаббат бұлағынан нәр алған оқиғасына арна тілшілері де куә болып қайтты.

Алма Оразбаева, тілші:

Мұнда некені рәсімдеу шаралары барлығына бірдей, жас ерекшелігіне қарамайды. Тіпті неке жүзіктерімен алмасу да дәстүрге сай жүргізілді.

Тек бүгінгі неке қиюдың бір өзгешелігі, карантинге байланысты әдеттегідей салтанат залында емес, неке сарайының терезесі арқылы өткізілді. Тағы бір қызығы, ерінің жасы 85-те, жары 96-да.

Бұл жұптың махаббаты сонау 1985 жылдан басталыпты. Бастапқы кезде достық қарым-қатынас болған. Елена Иванқызы опера театрында көп жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан. Бірақ үйде қарап отыра алмай, қайта жұмысқа шығады.

Елена Ештокина:

- Жас техниктер станциясында жұмыс істей бастадым. Біз Андрей Михайловичпен сол жерде таныстық. 35 жыл жолдас болдық.

Андрей Михайлович жас техниктер станциясында ұлдарға шеге қағуды, ұшақ  жасап, ғарыш кемелерін құрастыруды үйреткен. Әрине, оның бәрі макет болатын. Ең басты мақсат – балаларды ынталандырып, білімге, өнертапқыштыққа бейімдеу еді. Елене Ивановна өзі шығармашылық ортадан шыққандықтан, бұл оған қатты ұнайды. Ол опера театрында ариялар орындамаған, хорда ән айтқан. Бірақ үнемі жеке партиясы болғанын армандапты. Енді міне, көп жыл жағыздықтан кейін жеке өмірім басталды, көптен күткен арманым орындалып жар атандым, деп әзілдейді.

Авторлары: Алма Оразбаева, Ұлан Нарынбек, Радик Джакупов

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211342
Пікірлер

Көрші сілтемелер