Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Өскемендіктер радиоактивті қалдықтар үстінде әлі 100 жыл отыратын түрі бар - Қазақстан және әлемдегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:40 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406126-skemendikter-radioaktivti-aldy-tar-stinde-li-100-zhyl-otyratyn-t-ri-bar






Өскемендіктер қауіпті қалдықтар үстінде әлі 100 жыл отыратын түрі бар. Қаладағы улы заттар төгілген аумақ әлі қоршаусыз жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24.

Тіпті кейбір тұрын үйлер мен оқу орындары радиоактивті сәуле өте жоғары жерде салынған. Экологтар бұл мәселені айтып талай рет дабыл қаққанымен, нәтиже болмай тұр. Шаһардың экоахуалына жауапты мамандар радиациялық орындарға рекультивация жасап, «залалсыздандыруға қаржы жоқ», дейді. Қаланың қандай аумағында рентгендік сәуле жоғары екенін арнайы құрылғымен арна тілшісі Олжас Керейхан да өлшеп көрді.

Олжас Керейхан, тілші:

- Қаладағы кейбір аумақта радиацияның мөлшері әртүрлі. Қалыпты жағдай сағатына 14-16 микрорентгеннен аспауы тиіс. Алайда, кейбір аумақтарда 40-50 есеге дейін жоғары. Топырақтың асты-үсті емес, өсімдік пен ағаш та радиацияға шалдыққан.

Мұншама улы зат Кеңес Үкіметі кезінде ауыр өнідірестерден шығарылған. Залалсыздандырылған аумақтарға тұрғын үйлер мен ғимараттар салынған. 

Евгений Полежаев, Радиологиялық зерттеулер орталығының бас маманы:

- Дәл біз тұрған Серікбаев көшесінің бойында екі бірдей жоғары оқу орны бар. Ту сыртымыздағы көп қабатты үйлердегі тұрғындар осы жаяу жол арқылы дүкенге, аялдамаға барды. Ал осы жердегі радиацияның мөлшері сағатына 40 микроретнтгенді көрсетіп тұр. Қаладағы қалыпты мөлшер көрсеткіш сағатына 14-16 микрорентгеннен аспауы керек. Тіпті кейбір жерде 60 микрорентгенге бір-ақ шығады. Бұл 3-4 есе көп. Енді осы аумақта ұзақ уақыт болсаңыз, қаншалықты зияны бар екенін өзіңіз бағамдай беріңіз?!

Зияны мен зардабы өте қауіпті екені баяғыда дәлелденген. Ал Өскемен қаласы бойынша қанша аумақта улы қалдық бары әлі толық анықталмай отыр.

Олжас Керейхан,тілші:

- Бұған дейін өткізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша тек студенттер қалашағы деп аталатын бұл аумақта 8 гектар жерде рдаиациялық сәуленің өте жоғары екені дәлелденді. Арнайы құрылғымен тексергенде әрбір шаршы метрде әртүрлі микрортентген көрсетеді.Бір аумақта өте жоғары болса, енді бір жерде қалыпты. Ал ереже бойынша радиация сәулесі қалыпты мөлшерден жоғары жерлерге арнайы белгісі немесе қоршалуы тиіс.

Белгі мен қоршау болмаса да, радиологиялық зерттеулер орталығының мамандары 2005 жылы қала аумағының радиациялық кадастрлық картасын жасаған. Дегенмен, экологтар «дәл сондай құжатты енді қайта жасау керек», деп отыр.

Ерік Сандыбаев, Радиологиялық зерттеулер орталығы облыстық филиалының директоры:

- Өзгерістер өте көп болып жатыр. Сондықтан да кадастрды қайтадан зерттеп, радиоктивті залалданған жерлерде мигриация болды ма, сол қалпында қалды ма, қазіргі жағдайды білмейміз. 15 жыл өтті.

Он бес жылда улы қалдық бар 20 аумақтың сегізі ғана тазартылған. Экологтар бұл мәселені дүркін-дүркін көтергенімен, әлі толық шешімін таппай келеді.

Рауан Тұраров, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

- Оны енді жою үшін қазіргі таңда табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасымен жылда ақша бөлініп жатыр. Алайда, бұл ақша аз мөлшерде бөлінгендіктен бұл мәселе жуық маңда шешілмейтін түрі бар. Дәл осы тұрған жерімізде 80 мың шаршы метр. Егер де мұны осындай ретпен біз 100 жылда залалсыздандыратын боламыз.

Жүз жыл болса да экологтар біртіндеп заласыздандыра беру керек деп отыр. Биыл бөлінген 96 миллион теңгеге 50 шаршы метр жерді тазартуға жетеді. Ал осы саладағы сарапшылар радиациямен бүлінген жерді бүтіндеу үшін арнайы заң қабылдауды ұсынып отыр. 

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211336
Пікірлер

Көрші сілтемелер