Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:20 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406111-ostanaj-oblysynda-shekteu-sharalary-zartyldy



Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды


Қостанай облысында шектеу шаралары тағы да ұзартылды, деп хабарлайды «Хабар 24.

Әзір қанша уақытқа екені белгісіз. Рұқсат етілген сауда орындары мен дәріханаға келушілер тек бетпердемен кіруі тиіс. Бұл қатаң бақыланатын болады. Облыс тұрғындарына аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпау туралы ескертілді. Саябақтарда 3 адамнан артық топтасып жүруге болмайды. Кезекші топтардан өзге барлық балабақшалар мен білім беру орталықтарының жұмысы уақытша тоқтатылады. Халыққа қызмет көрсету орталығы мен шағын бизнес өкілдерінің жұмыс уақыты 10:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қысқартылады. Театр, кинотеатр, барлық деңгейдегі ойын алаңдары мен түнгі клуб, караоке-бар сынды көңіл көтеру орындарының жұмысына толық тыйым салынды. Қостанай облысында бүгін коронавирус жұқтырудың 27 дерегі тіркелді. Індет жұқтырғандар саны 500-ге жуықтады. 230-дан астам науқас сауығып шықса, 3 адам көз жұмған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211309
Пікірлер

Көрші сілтемелер