Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


БҚО-да коронавирустан тағы үш адам көз жұмды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:40 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406102-b-o-da-koronavirustan-ta-y-sh-adam-k-z-zh-mdy



БҚО-да коронавирустан тағы үш адам көз жұмды


Батыс Қазақстан облысында коронавирус тағы 3 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды «Хабар 24.

Олардың бірі – 82 жастағы әйел адам провизорлық госпитальға қатты ауырып түскен. Ал, 39 жастағы азамат маусымның 3-і күні облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізіледі. Өзін өте жайсыз сезінген оған барлық ем-дом шаралары жасалыпты. Алайда, ақ халаттылар ажалға араша бола алмады. Ал, 57 жастағы аймақ тұрғыны індет анықталған бойда ауруханаға жатқызылған. Бірақ өкпе қабынуының асқынған түріне шалдыққан науқас қайтыс болды. Қазіргі жағдайға байланысты өңірде шектеу шаралары күшейтіліп, барлық жерде зарарсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Құзырлы органдар адам көп жиналатын орындарда, қызмет көрсету нысандарында тұрақты рейдтер ұйымдастырады. «Санитария талаптарын сақтамағандар қатаң түрде жауапқа тартылады», - дейді сала мамандары.

Ернар Сұлтанғалиев, облыстық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары:

- Іс-шара кезінде біздер ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 44 іс құжаттары жиналған болатын. Қазіргі уақытта сол шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданды. Онымен біздер шектелмей, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Ескерту жұмысы, үгіт-насихат жұмыстары. Біз халықтан өз басыңды және туыстарыңды осы коронавирус инфекциясынан жұқпауына іс-шаралар қолдануды сұраймыз.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211296
Пікірлер

Көрші сілтемелер