Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан үш адам жауапқа тартылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:40 - 2020/06/30

Нақты Көзі: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/406078-a-t-bede-zhal-an-a-parat-tarat-an-sh-adam-zhauap-a-tartyldy



Ақтөбеде жалған ақпарат таратқан үш адам жауапқа тартылды


Ақтөбе облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары жалған ақпарат таратқандарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерде коронавирустың таралу жағдайында бұл індет туралы және оның айналасындағы жағдай жөнінде көптеген шындыққа сәйкес келмейтін, тексерілмеген жалған ақпараттар шықты. Жалған ақпарат тез тарайды және тұрғындардың арасында үрей туғызады. Оларға тікелей психологиялық түрде әсер етеді және жағдайдың нашарлауының алдын-алу бойынша елде қабылданатын шараларға кедергі жасайды.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Whatsapp мессенжерлерінде күн сайын Туберкулез ауруханасынан 50-60 мәйіт шығарылатыны туралы ақпарат таратылғаны анықталды. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ақпарат авторын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде, – деді облыстық ПД-нің орынбасары Қанат Нұрмағамбетов. – Жалған ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Қылмыстық кодекстің 274-бабында «Жалған ақпаратты тарату» – бұл қоғамдық тәртіпті бұзуға қауіптөндіретін немесе азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның я мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіретін шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты тарату».

Осы бап бойынша интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде таратылған шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың авторлары мен таратушылары жауапты болады.

Жыл басынан бері жалған ақпарат таратқаны үшін Ақтөбе қаласының үш тұрғынына қылмыстық жауапкершілік тартылды. 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1211276
Пікірлер

Көрші сілтемелер