Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23000 %100 %

Елордада студенттер университет асханасында уланып қалды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:30 - 2019/10/10



Елордада студенттер университет асханасында уланып қалды


Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабылов елорда студенттері арасында тамақтан улануға қатысты түсініктеме берді.

Бұл туралы Елорда Инфо аталған департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері екінші жыл қатарынан тамақтан улану нәтижесінде жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Бұл университетте қоғамдық тамақтану саласындағы қызметтерді ШОБ субъектісі көрсетеді.

Қазіргі уақытта студенттер арасында тамақтан улану фактісі бойынша ШОБ субъектісінің қоғамдық тамақтану объектілерінде эпидемиологиялық тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша улану себебі белгілі болмақ, сол сияқты ШОБ субъектісінің тамақ өнімдерін дайындау, тасымалдау және өткізу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауы анықталады. Студенттер осы жылдың 7 қазанында инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Олардың улануына байланысты кәсіпкер өз бастамасымен қоғамдық тамақтану объектісінің жұмысын санитарлық күнге тоқтатты.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың қыркүйек айында осы университеттің 16 студенті тамақтан уланғаннан кейін қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған болатын. 

2018 жылы университет асханасында санитарлық көптеген ереженің сақталмағаны анықталғаннан кейін кәсіпкерге 95 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Осы категория бойынша: « Қарағандыда үш бала газдан уланды
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1058386
Пікірлер

Көрші сілтемелер