Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0471511308356 %44 %
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-06457152959 %41 %

Нұр-Сұлтанда туризм және қонақжайлылық институты ашылады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 14:20 - 2019/10/10



Нұр-Сұлтанда туризм және қонақжайлылық институты ашылады


Елордада туризм және қонақжайлылық институты ашылады.

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов UNWTO-ның «Ақылды қалалар – ақылды дестинациялар» атты VIII жаһандық саммитінде мәлім етті, деп хабарлайды Елорда Инфо .

«Бізде «Big Data» атты базалық деректер бар, онда барлық сала бойынша яғни білім, денсаулық, қоғамдық көлік, қоршаған орта және тағы басқа салалар. Аталған салалар бойынша халыққа қолайлы болуы үшін цифрландыру қолға алынған. Одан бөлек, «Смарт Астана» жүйесі жұмыс істейді. Ол бойынша елордада көрсетілетін қызметтер оңтайландырылып, автоматтандырылған. Нақты айтқанда, біз бүгінде қала бойынша 75 қоғамдық және коммерциялық қызметтерді бір түймешікті басу арқылы жүргізудеміз. Бұл «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылуда», – деді А.Көлгінов.

Сондай-ақ, қала әкімі елордада туризмді дамытуға қатысты басты жаңалықпен бөлісті.

«Өздеріңіз білетіндей, 2017 жылы ЭКСПО ауқымды халықаралық көрмесі өтті. Бұл шара өз кезегінде елорданың жас қала болса да әлемдік ірі қалалармен терезесі тең түсетінін дәлелдей білді. Туризмге қатысты айтар болсақ, яғни қазіргі уақытта әлемнің 57 елінің азаматы елімізге, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласына визасыз кіре алады. Бұл бағыттағы жұмыс өз жалғасын табады, себебі біз елордамыздың шетелдік қонақтар үшін есігі ашық. Тағы бір айтып өтетін жайт, Президент Жарлығына сәйкес, Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп биыл туризм және қонақжайлылық институтын ашатын боламыз. Бұл ішкі және қала туризмін дамыту мен туристерді көптеп тартуға өз септігін тигізеді. Сонымен қатар, институт туризм саласының мамандарын даярлауға жағдай жасайды. Осы мәселе бойынша шетелдік әріптестерімізбен бірігіп жұмыс істеуге әзірміз», – деді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1058193
Пікірлер

Көрші сілтемелер