Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-2118259643 %57 %

Қазақстандық полицейлер патриоттық ән шырқаудан жарысты - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:10 - 2019/09/11



Қазақстандық полицейлер патриоттық ән шырқаудан жарысты


Ел ішіндегі қауіпсіздік пен тәртіпті қадағалайтын полицейлер Сыр өңірінде өнер жарыстырды.

«Әр жүректе – туған жер!» атты өңірлік патриоттық арт-фестивальға 5 облыс және Нұр-Сұлтан қаласынан 30 шақты өнерлі жас маман қатысты. Қазылар алқасы орындаушылық шеберліктен бөлек әннің мазмұнына ерекше көңіл бөлді. 3 бөліктен тұратын сайыста өнерпаздар ұлтжандылыққа шақырып, рухты серпілтер туындылар шырқады. «Дуэт» номинациясы бойынша «Қазақ елі» әнін орындаған Атырау облысының полицейлері үздік шықты. Ал трио сынында сырбойылық тәртіп сақшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Квартеттер сайысында Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысы Полиция департаменттерінің қызметкерлері топ жарды. Өңірлік байқаудың жеңімпаздары алдағы қазан айында Солтүстік Қазақстан облысында өтетін республикалық қорытынды фестивальға жолдама алды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1046862
Пікірлер

Көрші сілтемелер