Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21667272339 %61 %

Қарағанды перзентханасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалық



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:00 - 2019/09/11



Қарағанды перзентханасында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр


Қарағанды қаласының тұрғындары әлеуметтік желілерде облыстық перинаталдық орталыққа шағым түсірген.

Бұл олқылықтарды орталық басшылығы перзентханада жүргізіліп жатқан күрделі жөндеумен байланыстырып отыр. Жылына 4 мыңнан астам ананы босандырып алатын орталық 1965 жылы салынған. Осы уақытқа дейін мұнда күрделі жөндеу жұмыстары мүлдем жүргізілмеген. Биыл қаражат бөлініп, патология, гинекология мен физиология бөлімдерінде жөндеу басталды дейді мекеме басшысы. Күрделі жөндеу жұмыстары барысында сондай-ақ қабылдау бөлмесі де кеңейтілмек.

Данияр Әлмағамбетов, облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары:

- Жөндеу жұмыстары басырында су және кәріз жүйесі толық ауыстырылады, есік пен терезелар жаңартылады. Үш бөлімшенің ішіндегі барлық палаталар толық жөндеуден өтеді. Сонымен қатар орталықтың аумағын абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Келесі жылдың соңына дейін тапсыруды көздеп отырмыз.

Мадина Баграмова, қала тұрғыны:

- Жөндеу жұмыстары аяқталады,оның бәрі уақытша. Уақытша ыңғайсыздықа шыдауға болады. Бұл бүкіл облыстан аналарды қабылдап отырған мемлекеттік аурухана, барлығына бірдей жағдай жасалынып жатыр. Мұнда қаладан да, ауданнан да келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1046759
Пікірлер

Көрші сілтемелер