Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-189343834 %66 %

Грузияда кинематография саласы қалай дамуда - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 12:50 - 2019/08/14






Грузин кинематографиясы 20-ғасырдың басында қалыптасқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеңес кезінде өзіне тән әзіл-сықақ, сөз саптау, адамдарға махаббатпен ерекшеленді. Алайда жаңа ғасырдың басы бұл елдің кинематографиясы үшін қиындықтар көп уақыт болды. Фильмдер мүлде түсірілмей, қаржы тапшылығынан білікті режисссерлер мен әртістер шетел асты. Бірақ 2001 жылы Ұлттық кинематографилық орталық ашылып, кино түсіру саласына қолдау көрсетіле бастады. 

Кино – соқпағы мен шығыны көп ұжымдық іс. Қазір грузин кинематографиясы бұрынғы дәрежесіне әлі жете алмай келеді. Алайда жергілікті мамандар отандық фильмдер келешекте халықтың жүрегіне жол табатынына сенімді. 

Грузияда 3 жыл бұрын отандық киноиндустрияны қолдау бағдарламасы қолға алынған. «Грузияда шығар» жобасының мақсаты - шетелдік мамандарды тартып, елдің кино шығару саласын жандандыру. 

Константин Члаидзе, Грузия ұлттық киномотографиялық орталығының өкілі:

– Бұл бағдарлама экономикалық тұрғыдан тиімді. Егер кино түсіру кезінде 500 мың лари жұмсалса, мемлекет оның 20 пайыз шығынын өтейді. Мұны жемісті жоба десем болады. Себебі қазір елде кино көптеп түсіріле бастады.

Бұл бағдарламадан бөлек, өзге де мемлекеттік қолдаулар жетерлік. Кинематография орталығы шағын отандық кино түсірушілерге көмектесіп, жыл сайын 7 толықметражды, деректі және анимациялық фильмдер түсіріледі. Орталықтың бюджеті жыл сайын ұлғайтылып, еуропалық стандартқа сай келуде.

Владимир Качарова, продюсер:

– Біз түрлі кинофестивальдерге қатысуға мүдделіміз. Бірақ еуропалық әріптестеріміз біздегі бюджетпен кино түсіріп жүргенімізге таң қалады. Қазір Грузия киноиндустриясын фестивальдік фильмдер және қызмет көрсету деп екіге бөлуге болады. Себебі Грузия кино түсіру алаңы ретінде белсенді түрде дамып келеді.

«Грузияда шығар» жобасы елді насихаттауға да бағытталған. Осы бағдарламаның арқасында отандық режиссерлер мен әртістердің жаңа буыны қалыптасып, олардың есімі кеңінен таныла бастаған.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034219
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Тұңғыш рет БАҚ өкілдері 7 min
Хоккей: «Барыс» Швейцар 1 sagt
Францияда егіздерге арн 1 sagt
Пара алған Қызылжар орм 2 sagt
Аманқос Ершуов | Әдеби 2 sagt
Тағы бір қазақстандық G 3 sagt
Украинада өртенген қона 3 sagt
Гүлбақыт Қасенова | Әд 3 sagt
Кезекті қазақстандық Go 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Аты аңызға айналған бок 3 sagt
АҚШ-та компьютердегі ақ 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Даниал Ахметов көпбалал 4 sagt
Гонконгте мұғалімдер ше 4 sagt
Ыстамбұлда нөсер салдар 5 sagt
Түркістан облысында АӘК 5 sagt
Бұлбұл Қартаңбаева АҚШ 5 sagt
Теннистен Азияның коман 5 sagt
Қарқаралының ұлттық пар 5 sagt
Көліктегі көп ойлар 5 sagt
Қазақстан «Танк биатлон 5 sagt
Мемлекеттік кеңестің ақ 6 sagt
Қарқаралы ұлттық паркін 6 sagt
Түлкібас ауданында жаңа 6 sagt
Атырау облысында бетон 6 sagt
Исламдық қаржыланды 6 sagt
Индонезияда кеме өртені 6 sagt
Еліміз шеберлері қазан 6 sagt
Ресейде ғимаратқа соғыл 6 sagt