Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19241155752 %48 %

Ақтөбе облысы сиыр етін Қытайға экспорттап жатыр - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 11:10 - 2019/08/14



Ақтөбе облысы сиыр етін Қытайға экспорттап жатыр


Ақтөбе облысы Қытайға сиыр етін экспорттай бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін жасалған келісімшартқа сәйкес, алғашқы 20 тонна сүйексіз ет аспан асты еліне жөнелтілді. «Халал» халықаралық стандартына сәйкес келетін өнімге «Ченду Хаюнда импорт экспорт» компаниясы қызығушылық танытқан. Қытайлық мамандар Алға ет өңдеу кешенінде 10 күн болып, мұнда дайындалатын тауар түрлерінің жоғарғы сапалылығына көз жеткізген. Бұл ауқымды жоба еліміздің ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Аграрлық несие корпорациясының» көмегімен жүзеге асты. Жыл соңына дейін 4 мың тонна сиыр етін экспорттау жоспарда бар. Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық компаниялар үшін Қытай нарығы жабық болған еді. Енді ел бойынша 4 кәсіпорын ет жөнелту мүмкіндігіне ие болған.

Вахтанги Джиджиешвили, компания директоры:

– Келісімшарт 1000 тонна өнімге жасалды. Бүгін алғашқы бөлігін жіберіп отырмыз. Ол 20 тоннаны құрайды. Қытайға барған соң да тауар тексеріледі. Сұраныс жағдайы қаралады. Біз еттің өніміне, сапасына сенімдіміз. Таза халал стандартына сәйкес келеді. Қытайлық тұтынушыларға ұнайды деп ойлаймын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034168
Пікірлер

Көрші сілтемелер