Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19241155752 %48 %

БҰҰ ҚК Ливиядағы шиеленіс деңгейін төмендетуге шақырды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 09:00 - 2019/08/14



БҰҰ ҚК Ливиядағы шиеленіс деңгейін төмендетуге шақырды


БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Ливиядағы шиеленісті реттеуге шақырды.

Мұндай мәлімдеме БҰҰ қызметкерлерінің Бенгазидегі жарылыс салдарынан қаза табуынан соң жасалды. Аталған ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш лаңкестік әрекетті қатаң айыптап, көз жұмғандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Еске салсақ, жуырда Құрбан айт кезінде уақытша оқ атпау туралы келісімге келу үшін Ливияға БҰҰ-ның қызметкерлері барған еді. Алайда өткен сенбіде өңірдегі жағдайды реттеуге келген мамандардың көлігі минадан жарылды. Салдарынан Бенгази қаласында ұйымның үш қызметкері көз жұмып, оншақты адам зардап шекті. Жалпы бүгінде Триполидегі Фаиз Сарадж үкіметі мен генерал Халифа Хафтар әскері арасында соғыс жүріп жатыр. Билікке таластан туындаған қақтығыстан өңірде мыңнан астам адам қаза тапты. Тағы 5 жарым мың тұрғын түрлі жарақат алған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034140
Пікірлер

Көрші сілтемелер