Салдарынан аймақтағы өзен арнасынан тасып кеткен. Ал кей өңірлерде лай көшкіні жүріп, жолындағының бәрін басып өткен. Бір ер адам мен 6 жасар қыз баланың тағдыры беймәлім. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, олар отырған көлікті су шайып кеткен. Қазір ондаған құтқарушы жоғалғандарды іздестіріп жатыр. Жергілікті билік қауіпті аймақтардан барлық тас жолдарды жауып тастады.