Лезде мамандар өрт шығу қаупі бар деген тау бөктеріне жөнелтілді. Біздің арна тілшілері де оқиға орнына жетті. «Бірақ ешқандай ауқымды өрт болған жоқ», - деп хабарлайды біздің тілшіміз Жандос Айтбай. Таулы жерлерде жаяу жүріп өту қиын болғандықтан, атты патруль және тікұшақ қауіпті аймақтарды әуеден бақылап жүр. Дегенмен, соңғы күндері аптап ыстық салдарынан қала маңындағы қураған шөптердтің өртену қаупі сейілмей тұр.