Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19278187050 %50 %

Украинаның орта білім беру саласында үлкен өзгеріс орын алды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалық



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 15:40 - 2019/08/13






Оған өткен жылы ғана қабылданған «Жаңа Украина мектебі» реформасы әсер еткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Білім беру бағдарламасының аясында мектеп оқулықтары да өзгерісті бастан өткеруде. Аида Қыдырбай білім беру бағытындағы мамандармен тілдесіп қайтты.

Украинаның білім және ғылым министрлігі ұсынған «Жаңа Украина мектебі» тұжырымдасының жүзеге асқанына биыл бір жыл. Реформа аясында орта білім беру саясаты айтарлықтай өзгеріске ұшырады. Қазіргі күні Украинаның бірінші және екінші сынып оқушыларына «баға қою» деген дәстүр атымен жоқ. Оқушылар үшінші сыныпқа дейін әріп үйрену сияқты негізгі білімнен басқа «өзін тану», «өз ойын еркін жеткізу», «табиғаттану», «салауатты өмір салтын ұстану» деген оқу бағдарламасына көшкен. Сәйкесінше, бірінші және екінші сынып оқушылары үшін оқулықтар толық жаңарған. Кітаптардағы суреттің өзі стастикалық емес, динамикалы және бояуы қанық, қызықты болып қайта басылып шыққан.

Наталия Пархоменко, Мектепке дейінгі және бастауыш білім мазмұнын ғылыми және оқу-әдістемелік құралмен қамтамасыз ету бөлімінің бастығы:

- «Жаңа Украина мектебі» жобасының басты жаңалығы – тұлға қалыптастыру. Бұл тәжірибе ретінде енгізілген бір және екінші сынып оқушыларына арналған еңбекте көрініс табады. Әр оқулықтың мазмұнын ашу үшін ондағы тапсырмалар өмірлік мысалмен өріліп отырады.

Украинаның білім және ғылым министрлігі «Жаңа Украина мектебі» тұжырымдасы алдағы уақытта қалған сыныптарды да қамтитынын айтады. Өйткені ел тарихында, әлемде өзгерістер болып тұрады. Сол себепті оқулықтар да заң аясында әр бес жыл сайын өзгеріске ұшырап отырады.

Вадим Карандий, Украина Білім және ғылым министрінің орынбасары:

- «Жаңа Украина мектебі» реформасы орта білім беру саласына түбегейлі өзгерістер әкелуге бағытталып отыр. Мұнда оқушы мен мүғалім қатынасын жаңа дейгейге көтеру қағидасы тұр. Мектептің бірінші және 11-сынып оқушылары мемлекет тарапынан берілетін тегін оқулықпен қамтасыз етіледі.

Жаңа білім бағдарламасы украин мектептеріндегі мұғалім дайындығына да көңіл бөліп отыр. «Оқулықтар өз алдына, ең алдымен, жаңалыққа ұстаз да ұмтылуы тиіс. Сонда ғана жаңа оқулықтан жақсы нәтиже шығады», - дейді мамандар.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033881
Пікірлер

Көрші сілтемелер