Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071599666456 %44 %

Астана LRT құрылысына қаражат қайдан алынады? - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 14:40 - 2019/08/13



Астана LRT құрылысына қаражат қайдан алынады?


Елорда әкімі Астана LRT-ның құрылысына қаражаттың қайдан алынатындығы туралы журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Бүгінде Астана LRT құрылысы барлық нормативті-құқықтық құжаттар үкіметтік және жергілікті атқарушы органдар деңгейінде қабылданды. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр», - деп А.Көлгінов Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берді.

Сонымен қатар, қала басшысы қаржының қайдан және қанша көлемде алынатындығын айтты.

«Бұған дейін айтқанымыздай, қытайлық инвестициядан бас тартып, есесіне 800 млн АҚШ долларын үнемдеп қалдық. Қазіргі уақытта біз «Халық банкпен» 3 пайыздық қарызбен 500 млн (АҚШ доллары), сондай-ақ, 100 млн (АҚШ доллары) бойынша «Бәйтерек» холдингімен келістік. Бұл қаражат жұмысты одан әрі жалғастыруға жеткілікті», - деді ол.

Айта кетейік, қала әкімі Астана банкіндегі LRT құрылысына тиесілі бұғатталған қаржыны қайтару қажеттігін айтқан болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033853
Пікірлер

Көрші сілтемелер