Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-07535135244 %56 %

Қазақстанда 7 ай ішінде 55 мыңнан астам пәтер салынды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 14:20 - 2019/08/13



Қазақстанда 7 ай ішінде 55 мыңнан астам пәтер салынды


2019 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша 6,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол 2018 жылдың осы кезеңін алғанда 96,3% құрайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«Республика бойынша барлығы 55 849 бірлік тұрғын үй тапсырылды (оның ішінде – 24 013 жеке үй). Тұрғын үйді іске қосу көлемінің өсуі өткен жылмен салыстырғанда 7 өңірде жалғасуда. Тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша көшбасшы Түркістан (130,9%), Қызылорда (128,7%), Қостанай (118,6%) облыстары болып табылады. Тұрғын үйді іске қосу қарқынының төмендеуі Маңғыстау облысында (87,7%) және Нұр-Сұлтан қаласында (64,1%) байқалады», – делінген министрліктің хабарламасында.

Құрылыс бойынша нақты көлем индексі 2019 жылдың қаңтар-шілде айларында 111,5% құрады. Жағымды динамика 8 өңірде байқалады. Көшбасшы Қызылорда (275,5%), Қарағанды (193,6%), Атырау (129%) облыстары болып табылады.

Көрсеткіштің төмендеуі Маңғыстау облысында (-30,4%) және Нұр-Сұлтан (-12,5%) және Шымкент (-34,4%) қалаларында байқалады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033842
Пікірлер

Көрші сілтемелер