Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-12737160535 %65 %

Ақтөбеде көше саудасын дамытуға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр - Қазақстан және әлемдегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 14:10 - 2019/08/13



Ақтөбеде көше саудасын дамытуға арналған әлеуметтік жоба жүзеге асып жатыр


Соңғы екі жылда бұл мақсатқа 51 жер учаскесі бөлінген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде орталық даңғылдардың бойы мен қоғамдық орындар және саябақтарда павильондар желісі пайда болды. Онда негізінен жергілікті өнімдер сатылуда. Атап айтқанда, ет, сүт, көкөніс, жеміс-жидек тұтынушыларға ешқандай делдалсыз ұсынылып жатыр. Тіпті нарықтағы сұранысқа орай қызмет түрлерін көрсетіп жатқандары да бар. Шарт бойынша кәсіпкер жер учаскесін 7 жылға дейін жалға алады. Ал дүңгіршекті өзі жасақтайды. Бұл шағын және орта бизнесті қолдау арқылы отандық өндірісті өркендетуге бағытталған жоба. Қазірдің өзінде алты жер учаскесіне өтініш қабылдау жүріп жатыр.

Александра Қалдығұлова, «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ менеджері:

- Бұл кәсіпкерлер үшін өте қолайлы. Өйткені олар аукциондардан өзге өз жобаларын комиссия арқылы қорғай алады. Ал жер учаскесі жалға берілгенімен, оның құны да аса қымбат емес. Мәселен, бір шаршы метр аумақ үшін кәсіпкер жылына 17 мың теңге төлейді. Қазірдің өзінде, жобаға қатысуға аудандардан да тілек білдірушілер көп. Оларда өз өнімдерін қалада сатқысы келеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033839
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар