Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-102001851947 %53 %
2019-12-111970784544 %56 %
2019-12-12737160535 %65 %

Қазақстанда киберспорттан онлайн-лига ашылуы мүмкін - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 22:20 - 2019/08/12






Елімізде киберспортты дамыту үшін танымал бейне-ойындардың серверлері пайда болуы мүмкін.

Қазақ киберспорт федерациясы өкілдерінің айтуынша, бүгінде жергілікті кәсіби спортшылардың саны 50-ге жуықтайды.

Осыған байланысты келер айда ішкі онлайн-лига ашылып, әуесқой ойыншылар да өзін сынап көре алады.

Бүгінде киберспорт кейбір танымал спорт түрлері санатына қосылды деуге толық негіз бар. Өйткені онда тігілетін ұтыс көлемінің қомақтылығын ескеріп, ойыншылар мен көрермендердің қызығушылығы орасан екеніне көз жеткізуге болады. Осыған байланысты, Қазақстан киберспорт федерациясы жергілікті ойыншылар үшін онлайн-лига ашуды көздеп отыр. Қазіргі таңда осы бағытта соңғы дайындық жұмыстары пысықталып жатыр.

Ғалым Балқанаев, Қазақстан киберспорт федерациясының жоба үйлестірушісі:

– Келесі аптада ол лига туралы біз ресми өзіміздің әлеуметтік желілерімізде хабарлайтын боламыз. Лигада Қазақстандағы танымал дисциплиналар бойынша жарыстар өткізілетін болады. Әзірше бұл онлайн тұрғыда жүргізіледі. Келер жылда LAN жарыстарын өткізіп, сондай үлкен жыл сайынғы іс шара ретінде қалыптастыратын боламыз.

Статистика бойынша елдегі киберспортшылардың жас аралығы – 14 пен 34. Көбіне ер азаматтар. «Steam» платформасының деректеріне сәйкес, жергілікті белсенді ойыншылардың саны 1 млн-ға жуықтайды. Бірақ мәселелер де жоқ емес.

Ғалым Балқанаев, Қазақстан киберспорт федерациясының жоба үйлестірушісі:

– Киберспорттың дамуындағы бірден бір мәселе – жоғарғы пинг. Қазіргі таңда біздің федерация министрлікпен бірлесіп, «Қазақтелекоммен» бірлесіп, мәселені шешу бойынша жол картасын дайындап, жұмыстар атқарылуда. Бірден бір бағыты ретінде шетелдік серверлерді біздің Қазақстанда орналастырып, пинг мәселесін азайту.

Ал аталған салаға қызығушылық танытып жүргендердің саны 1 млн 200 мыңнан асады. Оның 360 мыңы тек Алматы қаласында. Мамандардың айтуынша, ұжымдық жарыстарда топ жарғандардан жеке сында көш бастаушылар көп.

Сұлтан Қалдыбеков, әуесқой киберспортшы:

– Қазақстандағы киберспорт Ресей мен Қытай сынды көрші елдердегідей дамымағаны рас. Бірақ біз мұнымен шектелмей, саланың тамырына қан жүгіртуіміз керек. Аталған спорт түрі қарапайым халық арасында танымал деп айта алмаймын. Сондықтан бізге бірінші кезекте аудиторияны кеңейту керек. Көрермен көбейсе, ойыншылар саны да артады.

Киберспортшы болу үшін айналған компьютер пернелерін басуда икемділік пен жылдамдық керек. Ойындағы келесі қадамыңызды қадамыңызды стратегиялық жоспарлау және кейіпкерге жасырынған қарсыласты қапыда қалдыра ала білу керексіз, дейді тәжірибелі ойыншылар.

Рамазан Әбдірасылов, қала тұрғыны:

– Менің ойымша, киберспортты дамыту керек. Өйткені халықаралық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген командалар бізде жеткілікті. «Дота» мен «Контр-Страйк» ойындарын мысалға алсақ жетіп жатыр. Егер спорттың осы түрі оң жамбасымызға келіп тұрса, неге қолға алмасқа?!

Сала енді дамып жатқандықтан, әзірше инвесторлар туралы айту ерте дейді федерация өкілдері. Али Плейдің «Вэск» атаулы халықаралық жарысында отандық федерация Орталық Азия бойынша іріктеу кезеңін өткізу құқығына ие болды. Халықаралық турнирді өткізу күз мезгіліне жоспарланып отыр.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Сұлтан Қалдыбеков

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033605
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар