Бұл – жыл сайын қайталанатын құбылыс. Астрономдардың айтуынша, түн жамыла жерге қарай сағатына 150 жұлдызға дейін құлап, артынан аппақ із қалдырады. «Бірақ биыл көктегі көрініс анық аңғарылмайды», – дейді мамандар. Өйткені ай толық. Секундына 60 шақырым жылдамдықпен ағатын метеорлар жаңбырын қала сыртында тастай қараңғыда тамашалаған жөн дейді ғалымдар.
Андрей Солодовник, Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры:
– Бұл жолы ай 94 процентке толады. Яғни түн жарық болады. Жұлдыздар кешкі 10 мен 11 аралығында жаппай ағады. Оның ішінде анық көрінетін аспан денелері де бар. Бұл – қайталанбас құбылыс.