Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19278187050 %50 %

Семейлік жастар қымыздан балмұздақ жасап, ашық аспан астында кітапхана ашпақ - Қазақстан және әлемде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:20 - 2019/08/12






Семейлік жастар қымыздан балмұздақ жасап, ашық аспан астында кітапхана ашуға асық, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жас кәсіпкер», «Jasa» және «Qorgau» жобалары аясында олар өз идеяларын таныстырды. Жас өрендердің бірқатар жобалары аймақ кәсіпкерлері алдында қорғалды. «Jasa» жобасымен семейліктердің 42 бизнес идеясы мақұлданған.     

Жақын арада Семейдегі сауда сөрелерінде қымыздан жасалған балмұздақ пайда болады. Айдын Серікқазы бүгін комиссия алдында өзінің осындай бизнес жобасын сәтті қорғап шықты. Шығыс Қазақстан, тіпті еліміз бойынша кәсіптің бұл түрі кең қанат жаяды деген сенімде ол. 

Айдын Серікқазы, «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушысы:

– Көптеген бала қымыз ішпейді. Ал балмұздаққа балалар әуес. Балмұздақ – қазіргі нарықта сұранысқа ие тауар. Сондықтан балаларға қызықты, пайдалы болсын деп қазақтың қымызын, ұлттық сусынын әлемдік деңгейге көтерсем бе деген негізгі мақсатым болып табылады.

Енді болашақ кәсіпкер 550 мың теңге грантқа ие болады. Сондай-ақ іскер жандар қатарына Ілияс Халитов те қосылды. 16 жастағы мектеп оқушысы семейліктерді кітапқа құмартудың тың жолын тауыпты. Оның пікірінше, электронды кітапхана көпшіліктің әдебиетке деген қызығушылығын оятуға септігін тигізуі тиіс.

Ілияс Халитов, «Jasa» жобасының қатысушысы:

– Адамдар өз аккаунтары арқылы компьютер бар жерге келіп электронды кітапхана қызметіне жүгіне алады. Қазір күнделікті жүздеген кітап шығып жатыр. Оларды өзіңмен бірге алып жүру мүмкін емес. Ал электронды кітапхана өте тиімді. Кез келген жерде қалаған кітабыңды оқуға мүмкіндік бар.

Бүгінде 55 семейлік «Жас кәсіпкер» шеңберінде оқудан өтіп жатыр. Курстар аяқталған соң барлық қатысушылар гранттарға немесе өз ісін ашуға қажетті бастапқы қаржылай көмекке ие болады.

Олжас Соғымбай, қалалық жастар ресурстық орталығының директоры:

– Үш апта көлеміндегі оқу барысында жастарға 19 мың теңге көлемінде стипендия төленеді. «Jasa» жобасы былтырғы «Jas Project» жобасына ұқсас, бірақ биыл бұл бизнес бағытта емес қаламызды көркейтуге, яғни урбанистика. Қаладағы барлық көгалдандыру жұмыстары, жастарға арналған түрлі демалыс орындарына «Jasa» жобасы біздің қаламызда басталды.

Семейлік жастар кәсіпті ашуға негізделген жобалардың басымды тұстарын жақсы біледі. Олардың тарапынан ашық аспан астындағы кітапхана ашу, қала жағалауын, жерасты өтпе жолдарын креативті безендіру, мал шаруашылығын дамыту, гидропоника әдісімен өсімдік өсіру сияқты бизнес идеялар ұсынылды.

Авторлары: Данияр Сұлтан, Әсем Өтешева

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033587
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар