Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-2215657747 %53 %

Ливия: Оқ атпау туралы уақытша келісім бұзылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:10 - 2019/08/12



Ливия: Оқ атпау туралы уақытша келісім бұзылды


Ливиядағы жағдай күн санап ушығып жатыр.

Бұл жолы Триполиде орналасқан Митига халықаралық әуежайына шабуыл жасалған. Билік өкілдерінің айтуынша, бұл істің артында генерал Халифа Хафтар тұр. Осылайша Хафтар осымен екінші мәрте уақытша оқ атпау келісімді бұзған. Естеріңізде болса, тараптар мұсылмандар мерекесі Құрбан айт кезінде қарулы қақтығыс жүргізбеуге келіскен еді.

Құрбан шалуға ниеттенген халық шабуыл жайлы естіп, есеңгіреп қалғаны анық. Ал зардап шеккендер туралы әлі ресми ақпар жоқ. Дегенмен халықаралық әуежайдың жұмысы тоқтап тұрғаны мәлім.

Мұқтаждың мұңы ескеріліп, арадағы араздық жойылатын мерекеде Ливия халқы есеңгіреп қалды. Себебі Триполидің шығысына қарай 11 шақырым жерде орналасқан халықаралық әуежайға зымыран атылған. Бұл туралы Митига әуежайы Фэйсбуктағы парақшасында мәлімдеді. Онда жарияланған суретке сай реактивті зымыран ұшу-қону жолағына түскен. Әуежай аумағы халықаралық қолдау тапқан үкіметтің бақылауында болғандықтан, шабуылды генерал Халифа Хафтардың әскерлері жасады деген болжам бар.

Өкінішке қарай, Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні Митига халықаралық әуежайына шабуыл жасалды. Жоспарланған барлық рейстер тоқтатылды. Әуежай әзірге белгісіз мерзімге жабылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033559
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар