Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19278187050 %50 %

Жылжымайтын мүлік нарығындағы дағдарыс ұлыбританиялықтарды алаңдатып отыр - Қазақстан және әлемдегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:00 - 2019/08/12






Брекситке қатысты сан-сауал жылжымайтын мүлік нарығына әсер етпей қоймады.

Сарапшылардың пікірінше, өткен айда баспана бағасы күтпеген жерден төмендеген. Сатып алушылар Брексит жақындаған сайын аса сақтықпен сауда жасап жатыр.

Ұлыбритания премьер-министрі болып Борис Джонсон сайланғалы жылжымайтын мүлік нарығында нақты ештеңе өзгере қойған жоқ. Бүгінде британиялықтар жаңа баспана сатып алуға құлықты емес. Риэлторлар болса, саяси тұрақсыздық нарықтың дамуына одан әрі тұсау бола береді деп қобалжиды. Лондонның орталық ауданындағы екі бөлмелі пәтер бағасы 1 миллион фунт стерлинг тұрады, яғни 475 миллион теңге. Кеше ғана мол пайдаға кенелуді ойлағандар бүгінде пәтер бағасын түсіруге мәжбүр. Өйткені сұраныс жоқ.

Оливер Фиш, «Oliver James» жылжымайтын мүлік агенттігінің өкілі:

– Соңғы 3 жыл көлемінде жылжымайтын мүлік шамамен 20% арзандады. Бірақ бұл үрдістің осылай жалғаса беруі екіталай. Себебі Ұлыбританияда баспанаға деген сұраныс өсімі қашан да жоғары. Меніңше, Брекситтен кейін баға тұрақталады. Бірақ нақты қашан екенін кесіп айту қиын.

Дегенмен оң өзгерістер де жоқ емес. Саудасы жақсы жүрген өңірлер бар, бірақ олар некен саяқ. Негізінен Англияның солтүстігі және Солтүстік Ирландия. Қалаларға қатысты тағы бір күрмеулі мәселе. Қымбат жаңа үйлерге деген сұраныстардың төмендеуі салдарынан қарапайым британиялықтардың қалтасы көтеретін қолжетімді баспанаға инвестиция құйылмай жатыр.

БЛИЦ:

– Баспана бағасы өте жоғары. Олар әсіресе университетті енді ғана бітіргендер үшін аспандап тұр.

– Меніңше, баспана бағасы әрі қарай да шарықтай бермек. Брекситтің кесірінен ол шамалы тоқтауы мүмкін. Қазір біраз саябырсыған сыңайлы. Бірақ уақыт өте қайта қымбаттауы ықтимал.

Бүгінде Брексит тудырған саяси тұрақсыздық ақшасын өзге валютада ұстаған шетелдік сатып алушыға тиімді болып тұр. Өйткені фунт стерлингтің құны төмендеп барады. Сәйкесінше, шетелдіктер қолдарында бар валюта бағамының артықшылығын пайдаланып жатыр. Сарапшылар фунт стерлинг Ұлыбританияға көршілес елдердің валютасы еуромен теңесетін күн алыс емес дегенді айтады.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033553
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар