Оқиға таңертең сағат онға таман болған. Құтқарушылар да дереу жеткен. Алайда баспананы тінту барысында үй иесінің денесі табылды. Жалпы жыл басынан бері өңірде 435 өрт оқиғасы тіркелген. Салдарынан 24 адам мерт болып, 14-і түрлі дене жарақатын алды.
Руслан Базарбаев, облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жедел кезекшісі:
– Өрт үйдің кіреберісінде болды. Қызыл жалын 25 шаршы мерт аумақты шарпыды. Алдын ала болжам бойынша төтенше жағдай отты абайсызда қолданудың салдарынан туындаған. Ал оны ауыздықтауға жеке құрамнан 20 адам мен 4 арнайы техника жұмылдырылды.