Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071542651756 %44 %

Ерейментауда дала өрті жиілеп кетті - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:30 - 2019/08/12



Ерейментауда дала өрті жиілеп кетті


Ақмола облысының Ерейментау ауданында дала өрті жиілеп кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен, өткен аптада аталған өңірдегі жайылымдарды үш мәрте жалын шарпыған. Айталық, соңғы болған өрт кезінде 300 гектарға жуық аумақ жанып кеткен. Оны сөндіруге құтқарушылармен қатар орманшылар мен еріктілер қосылып барлығы 200-дей адам және 30 шақты техника жұмылдырылды. Ал өрттің шығуына күннің ыстығы, қураған шөп және адами факторлар да себеп болуы мүмкін. Дала өртінің жиілеуіне байланысты қазір аймақта жедел штаб құрылды.

Манарбек Шапағатов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

– Ерейментау ауданында жайылымдар өте кең. Ол маңайда елді мекендер де жоқ. Сондықтан шөптің тұтанғанын ешкім бірден байқай қоймайды. Тек біраз жерді жалын шарпып, өрт анық көрінген кезде ғана бізге хабар жетеді. Оқиға орнына ойлы-қырлы жермен жеткенше де көп уақыт кетеді. Мәселен, соңғы жағдай өрт сөндіру бөлімінен 150 шақырым жерде болды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1033538
Пікірлер

Көрші сілтемелер