Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-211409463247 %53 %
2019-10-221435476533 %67 %
2019-10-23422259429 %71 %

Нұр-Сұлтанда іздеуде жүрген күдікті ұсталды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 00:30 - 2019/07/13



Нұр-Сұлтанда іздеуде жүрген күдікті ұсталды


Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері көшенің қақ ортасында жан-жағына пышақ сілтеп, өзгелерге қауіп төндірген ер адамды ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиға кеше кешкі мезгілде Қажымұқан көшесінің бойында болған. Сол күні кезекшілікте жүрген патрульдік қызметтің аға лейтенанты Абзал Жолмақов пен полиция лейтенанты Асан Қоманов күдіктіні алыстан байқап қалған. Ұстау кезінде ол полицияға қарсылық көрсеткен. Тәртіп сақшылары суық қаруын тартып алып, өзін тұтқындады. Ұсталған азамат Алматы аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілген.

Белгілі болғандай, Павлодар облысының 35 жастағы тұрғынына қатысты Ақмола облыстық Полиция департаменті жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр екен. Күдіктіні ұстаған тәртіп сақшыларын департамент басшылары марапаттап, алғыс жариялады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1022519
Пікірлер

Көрші сілтемелер