Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-15525205545 %55 %
2019-07-16613359642 %58 %
2019-07-1710838726 %74 %

МЖӘ: елімізде алдағы 3 жылда 100 спорт кешені салынады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:50 - 2019/07/12






Бұл іске бизнестің тарапынан қызығушылық зор.

Соңғы жылдар тәжірибесіне сүйенсек, жекеменшік мекемелер Ақтөбе, Қостанай және өзге де өңірлерде спорттық нысандарды көптеп іске қосқан.

Елімізде соңғы 4 жылдың бедерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 550-ден астам жоба жүзеге асырылды. Соның қырығы – дене шынықтыру және сауықтыру кешендері. Бұл ретте инвесторлардың іске бел шеше кіріскені байқалады.

Нұрдәулет Бексары, қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы:

– Елбасымыз 2020 жылға дейін 50 дене-шынықтыру, сауықтыру орталығы емес, 100 данасын салуға бұйрық берген. Біздің ойымызша, жекеменшік әріптестіктің механизмін қолдана отырып, осы 100 жобаны жүзеге асырған дұрыс деп ойлаймыз. Өйткені спорттық инфрақұрылым өте үлкен капиталды қажет етеді.

Әр елді мекенде спорт нысандарының болуы – саламатты ұрпақ кепілі. Бұл өз кезегінде жастардың бойындағы бұла күшті дұрыс бағытта пайдалана білу деген сөз.

Әсілі осы үдеден шығу қос тараптың да мүддесі. Мәселен, бос тұрған нысанды дене шынықтыру мекемесіне айналдырып, спортшыларды тәрбиелеуге мүмкіндік бар. Немесе жекеменшік ұйым жобаны бастан-аяқ жүзеге асыра алады. Ақтөбедегі 500 балаға арналған теннис орталығы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынды. Құрылысқа 1 жарым миллиард теңге жұмсалды. Заманауи кешенде 8 бірдей алаң бар. Мұнда 5-тен 13 жасқа дейінгі балалар тегін жаттығады.

Анатолий Солдатенко, Ақтөбе облыстық теннис федерациясы директорының орынбасары:

– Бұл теннис орталығында біз балалар арасындағы да, ересектер арасындағы да жарыстарды қабылдай аламыз. Халықаралық стандарттарға сай болғандықтан әлемдік біріншіліктерді өткізуге де мүмкіндік бар. Бұған дейін 4 рет жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өткіздік. Бұл өңірде теннис спортын көпшілікке дәріптеуге мүмкіндік береді.

Қостанай облысы да соңғы 2 жылда 4 спорттық нысанды іске қосты. Мемлекет пен бизнес бірлесіп тағы 2 кешен құрылысын бастап кетті. Бірі – 2 жарым мың адамға арналған мұз сарайы, ал екіншісі – ұзындығы 50 метрлік бассейн.

Жанболат Бекенов, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасына қатысушы компания өкілі:

– Былтыр іске қосылған нысандардың бірі – Қостанай спорт кешені. Онда мың көрерменге арналған орын және жалпы аумағы 2 мың шаршы метр болатын спорт залы бар. Қазір волейбол, баскетбол және тоғызқұмалақ үйірмелері жұмыс істеп тұр.

Тобыл өңіріндегі спорт нысандарының сапасы да жоғары. «Баскетбол, волейбол алаңдарының еден жабындылары заман талабына сай», – дейді жаттықтырушылар. Демек байрақты бәсекелер өткізуге мүмкіндік мол. Ал осындай жобаларды мемлекет бастап бизнес қоштай білсе, бұқаралық спорт саласының да даму қарқыны арта түспек.

Авторы: Рауан Мыңбаев

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1022487
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Болат Бақауов: Дүкен сө 7 min
17 шілде. ҚазАқпарат кү 13 min
Сыртқы істер министрліг 16 min
Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ: Жәди 26 min
Жүңгө екөнөмикәсінің «ж 1 sagt
Ауа райы: Шілденің 17 к 1 sagt
Ж к п орталық көмитеті 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Жүңгө екөнөмикәсі алдың 2 sagt
17 шілдеде Қазақстанның 2 sagt
Чұңчиң қаласы мен шинжя 2 sagt
Өңтүстік райондарда бір 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
«жаңа жүңгөнің дамуына 3 sagt
Түркістан облысында жол 4 sagt
Армяда ақылы қізмет өте 4 sagt
«Қазақмыс» корпорациясы 4 sagt
Алдыңғы жарым жылда хал 4 sagt
АҚШ-та Трамптың жарлығы 5 sagt
2500-ден астам астаналы 5 sagt
Дүние жүзілік малтау жү 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Өзін-озы басқаруға көме 5 sagt
Арыс қаласында 1172 үй 6 sagt
Ақмола облысында жол ап 6 sagt
Елордалық аз қамтылған 6 sagt
Маса шаққан бөйжеткенні 6 sagt
Қазақстан-Ресей шекарас 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Теннис: Бублик Ньюпорт 6 sagt