Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-07-18518216236 %64 %
2019-07-19552224339 %61 %
2019-07-20345155438 %62 %

Мәжілісмендер зауыттарда отандық өнімді арттыру керектігін айтты - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаң



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:40 - 2019/07/12



Мәжілісмендер зауыттарда отандық өнімді арттыру керектігін айтты


Біріккен кәсіпорындарда қазақстандық мазмұнды арттыру басты назарда.

Бұл туралы Ақтөбедегі мұнай жабдықтары зауытының жұмысшыларымен кездескен Мәжіліс депутаттары мәлімдеді. Кәсіпорын еңбекшілерінің хал-жағдайын сұрап, олардың сауалдарына жауап берді. 2017 жылы ашылған өндіріс орнында 200-ден астам адам еңбек етеді. Шығаратын негізгі өнімі мұнай-газ жабдықтары мен сорғылау-компрессорлық, шегендеу құбырлары елдегі алпауыт компаниялардың сұранысына ие. Бұдан бөлек Ресей және Қытай нарығына да жөнелтіледі. Осыған дейін өңірдің Мәртөк, Мұғалжар аудандары мен Ақтөбенің бірқатар әлеуметтік және өндірістік нысандарында болған Мәжілістің бес депутаты тұрғындармен кездесіп, ұсыныс-тілектерін жинақтады. Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму барысымен де танысты. Ал «Қазақстан мұнай жабдықтары зауытының» басшылығына отандық өнімді арттыру мен жұмысшылардың жағдайына көңіл бөлу керектігін атап өтті.

Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі:

– Бұл Қытай технологиясымен, жабдықтарымен болғанымен, мекеме – қазақстандық мекеме. Сондықтан қазақстандық құрылым – басты мәселе. Қызақстанда шығарылатын құралдарды, жабдықтарды мұнай компаниялары пайдалануға тиіс.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1022485
Пікірлер

Көрші сілтемелер