Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-10-13946291737 %63 %
2019-10-141301382836 %64 %
2019-10-1512043717 %83 %

Арысқа «Достық» керуені жіберілді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:20 - 2019/07/12



Арысқа «Достық» керуені жіберілді


Арыстықтарға көмек көрсетуден өзге ұлттар да қалыс қалмады.

Бұл жолы өзбек халқы ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Бүгін Шымкенттегі өзбек этномәдени бірлестігі игі істің ұйытқысы болды. Олар жарылыстан зардап шеккен тұрғындарға 8 жүк көлігіне тиелген құрылыс заттарын жөнелтті. Арыстағы ағайынға бүгінге дейін Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы 87 млн теңгенің көмегін көрсеткен. «Достық» керуенінде үйге қажетті жиһаздар мен құрылыс материалдары бар. Этнос өкілдерінің көмегі мұнымен тоқтамайды. Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына қол ұшын созып, арнайы ашылған есепшотқа қаржы аударады. «Осылайша тұрғындардың қалыпты өмір сүруіне үлес қосамыз», – деп отыр. 

Икрамжан Хашимжанов, Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктер «Достық» қауымдастығының төрағасы:

– Арыс қаласындағы жарылыстан келген әскери бөлімдегі бауыраларымыз зардап шекті. Шымкентке келген кезде біздің барлық этнос өкілдері қолынан келгенше көмегін беріп, біздің қауымдастық 15 580 000 теңге көлемінде көмек көрсеткен болатын. Ал енді арыстықтардың үйлерін қалпына келтіру үшін жәрдем беріп жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1022476
Пікірлер

Көрші сілтемелер