Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071600666656 %44 %
2019-12-0813540916 %84 %

Алматы қаласының білім басқармасы арыстық оқушыларға демалыс ұйымдастыруда - Қазақстан және әлемдегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:10 - 2019/07/12






Қазір бүкіл қазақстандықтар Арыстағы ағайынға жан-жақты қолдау көрсетіп жатыр.

Алматы қаласының білім басқармасы да қайырымдылық шарасынан шет қалмай, арыстық оқушыларға демалыс ұйымдастырып отыр. Бүгін Түркістан облысынан шыққан жүрдек пойызбен Алматыға 75 мектеп оқушы келіп түсті. Жас өрендердің көңілін көтеру үшін вокзал маңында ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен әртүрлі қойылымдар қойылып, балаларға естелік сыйлықтар үлестірілді. Цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов бастаған бір топ жас «Арыс, біз біргеміз!» атты флешмоб ұйымдастырды.

Арыстық 150 оқушы мен 14 жетекшінің барлық шығынын қала әкімшілігі өз мойнына алып отыр. «Бұл демалушылардың алғашқы легі, енді 10 күннен кейін тағы 75 баланы қарсы аламыз», – дейді қалалық білім басқармасының басшысы. 

Гүлнәр Қожабергенова, қалалық білім басқармасының басшысы:

– «Өрнек» атты сауықтыру лагеріміз бар. Қарасай ауданының аумағында орналасқан. Қазір пойыздан күтіп алып, сол лагерьге апарып 10 күн сауықтырамыз. Бірінші кезекте балаларға психологиялық көмек көрсетеміз. Және балаларға 10 күн Алматы қаласында экскурсиялар ұйымдастырамыз. Сонымен қатар күнделікті балалардың дұрыс сауығуын, уақытын дұрыс өткізуіне көңіл бөліп, іс-шаралар ұйымдастырамыз.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1022472
Пікірлер

Көрші сілтемелер