Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Нұрсұлтан Назарбаев Ақан Сатаевты қабылдады



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 21:24 - 2021/02/23

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/sayasat/item/131899-nursultan-nazarbaev-akan-sataevty-kabyldady


Нұрсұлтан Назарбаев Ақан Сатаевты қабылдады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» президенті Ақан Сатаев Нұрсұлтан Назарбаевқа көркем фильмдер түсіру жоспарлары мен отандық киноның сапасын арттыру бойынша қабылданған шаралар туралы баяндады.

Елбасы тәуелсіздік алғаннан бері мемлекет әрдайым өнер саласының дамуына ерекше мән беріп келе жатқанын атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы:

- Сен біраз фильмді түсіріп, көзге түстің. «Анаға апарар жол», «Томирис» фильмдерін ел жақсы қабылдады. Түрлі фестивальде көрсетіліп жатыр.

Ақан Сатаев, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті:

- Бүкіл шығарылым өндірісін толығымен Қазақстанда жасаймыз. «Қазақфильм» шеңберінде декорация саламыз. Киноны біткен соң, этноқала сияқты монетизация болатындай, туристер келетіндей «Қазақфильм» музейін жасағымыз келеді. Сондай-ақ 5-6 жыл тұратындай етіп, мектеп оқушылары, студенттер келіп экскурсия жасайтындай болуы керек.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1359815
Пікірлер

Көрші сілтемелер