Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жамбыл облысында бес бала қаза тапқан отбасына үш бөлмелі пәтер берілді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 21:03 - 2021/02/22

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/131881-zhambyl-oblysynda-bes-bala-kaza-tapkan-otbasyna-ush-bolmeli-pater-berildi


Жамбыл облысында бес бала қаза тапқан отбасына үш бөлмелі пәтер берілді

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Жаңатас қаласында өрт салдарынан зардап шеккен отбасына жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр.

«Сонымен қатар демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтер берілді», – деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қазір марқұм болған балалардың ата-анасына психологиялық және материалдық көмек көрсетіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, 19 ақпан Сарысу ауданы, Жаңатас қаласындағы тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қаза тапқан еді. Кәмелет жасына толмаған балалар пәтер ішінде ата-ана қарауынсыз қалған. Оқыс оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің тапсырмасымен арнайы комиссия құрылды.

Олжас Сайлаубекұлы, Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Өңірдегі мемлекеттік қызметкерлер бір күндік жалақысын көмек ретінде жолдайтын болды. Балалардың ата-анасына демеушілер есебінен үш бөлмелі пәтер берілді. Сарысу ауданының кәсіпкерлері баспанаға қажет жиһаз бен техниканы алып берді. Түрлі мемлекеттік емес қорлармен 3 млн теңгеден астам қаржы жиналып, материалдық көмек көрсетілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1358994
Пікірлер

Көрші сілтемелер