Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Шоттан-шотқа: медициналық мақсатта жұмсалатын қаржы қолға берілмейді



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 22:12 - 2021/02/18

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/131821-shottan-shotka-meditsinalyk-maksatta-zhumsalatyn-karzhy-kolga-berilmejdi


Шоттан-шотқа: медициналық мақсатта жұмсалатын қаржы қолға берілмейді

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын енді емделу үшін пайдалана алады.

Денсаулық сақтау министрлігі оның ережесін бекітіп, бұйрықты тіркеді. Салаға жауапты ведомство мұндай төлемдердің тізіміне жеті медициналық қызметті ұсынып отыр.

Бірлік Берікұлы, тілші:

- Мәжіліс депутаттары зейнетақы жинағын ем-домға жұмсаудың ережелерін әлі бекітпеген Денсаулық сақтау министрлігін сынға алған болатын. Тіпті Президент тапсырмасын орындамағаны үшін кей тұлғаларды жауапкершілікке тарту да ұсынылған еді. Халық қалаулысының қаһарынан қорықты ма, әйтеуір Денсаулық сақтау министрлігі бұл жұмысты тездетіп, ережесін бекітіп, бұйрықты тіркеді. Сонымен қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинағын мына медициналық қызметтерге жұмсай алады: орфандық аурулар, яғни сирек кездесетін ауруларды емдеуге және оған қажетті дәрі-дәрмек сатып алуға жұмсауға болады. Ресми дерекке жүгінсек, Жер шарындағы адамдардың 6-8% осы ауруға шалдығады екен. Сондай-ақ бұл ақшаға тісті протездеуге және импланттауға болады, бұл ретте айта өткен жөн, тізімдегі мына қызметтердің алтауы бойынша шетелде ем алуға болады, тек тісті ел ішінде орналасқан стоматологиялық орталықтарда ғана жөндеу керек.

Біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен төленетін медициналық қызметтер тізбесі:

  • орфандық ауруларды емдеу, сондай-ақ емдеу тактикасын айқындау үшін диагностикалық зерттеулер;
  • ҚР аумағында орналасқан медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер (тісті протездеу, имплантация);
  • операциядан кейінгі тыртықтар мен туа біткен ақауларды, сондай-ақ мастэктомиядан кейін түзету мақсатында реконструктивті және қалпына келтіру операциялары (пластика);
  • радионуклидтік және радиойодтерапия;
  • радиохирургиялық емдеу;
  • протон терапиясы;
  • офтальмологиялық қызметтер.

Батырхан Сарымсақов, ҚР ДСМ амбулаториялық-емханалық көмек көрсету басқармасының басшысы:

- Себебі бұл стоматологиялық қызметтер Қазақстан деңгейінде дамыған. Осы тізімді бекіткен кезде талқылау барысында офтальмологиялық қызметтер қосылды. Одан кейін ЭКО да бар, мұны да біз қосқан болатынбыз. Бірақ пысықтау барысында алынып тасталды. Біз осы квотаны бір мыңнан жеті мыңға көбейтіп отырмыз. Пластикалық операцияларды халық дұрыс түсінбеуі мүмкін, бұл эстетикалық мақсаттағы емес, туа біткен ақауы бар, қалпына келтіру пластикалық операциялары жатады.

Медициналық қызметтердің осы тізбесі халықтың қажеттілігін ескере отырып, қайта қаралуы мүмкін. Ал енді емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін не істеу қажет?

Батырхан Сарымсақов, ҚР ДСМ амбулаториялық-емханалық көмек көрсету басқармасының басшысы:

- Біріншіден, азамат өзінің жинақ сомасын айқындап білуі керек, егер рұқсат болған жағдайда өзі тіркелген емханасына барып өтініш жазады, сондай-ақ бейінді маман қорытындысы қажет. Осы қорытынды бойынша дәрігерлік комиссия отырыс жасап, ол адамға медициналық көрсетілімдер бойынша қорытынды береді. Кейбір адамға қарсы көрсетілім болуы мүмкін. Азамат дәрігерлік комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін, өзі таңдаған медициналық ұйыммен шарт жасасады. Осы шарт пен қорытындыны өзінің жеке кабинетіне жүктейді. Отбасы банктен бес күн ішінде қарап, арнайы шоттан медициналық мекеменің шотына жібереді, қолға ақша берілмейді.

Тағы бір ерекше ескерте кетері, күмәнді сілтемеге өтпеңіз. Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы қаржысына енді алаяқтар да ауыз сала бастады. Олар өздерін зейнетақы қорының қызметкерлері ретінде таныстырып, банк картасының нөмірін білуге тырысады және «зейнетақыны қайта есептеу керек» деген желеумен оның деректемелерін атауды сұрайды. БЖЗҚ ресми түрде мұндай деректерді ешкімге айтпауды сұрайды. Сондай-ақ қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпей, ақпаратты тек enpf.kz ресми сайтында немесе БЖЗҚ-ның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тексеру керектігін ескертеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1356751
Пікірлер

Көрші сілтемелер