Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 22:00 - 2021/02/18

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/sayasat/item/131818-kasym-zhomart-tokaev-vladimir-putinmen-telefon-arkyly-sojlesti


Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Қарағанды қаласында «Спутник V» вакцинасының өндірісі іске қосылды.

Қазақстан мен Ресей Үкіметтері аталған вакцинаны елге жеткізу туралы қажет келісімге келді. Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы болған әңгіме кезінде айтты. Әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастық пен Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Биыл Көкшетау қаласында Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумы өтеді, оны өткізу форматы эпидемиялық жағдайға байланысты қабылданатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ны одан әрі дамыту және оның әлеуеті мен беделін нығайтуға қатысты бірқатар ұсынысымен бөлісті. Ресей Президенті барлық ұсыныспен келісті. Президенттер аталған интеграциялық бірлестікке қатысты мәселелерді шешу үшін өзара тығыз байланыста жұмыс істеуге уағдаласты. Тараптар әсіресе энергетика саласында бірлесе жұмыс атқармақ.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1356743
Пікірлер

Көрші сілтемелер