Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарына куәлік пен депутаттық төсбелгі тапсырылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 23:06 - 2021/01/14

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/sayasat/item/131089-zhanadan-sajlangan-mazhilis-deputattaryna-kualik-pen-deputattyk-tosbelgi-tapsyryldy


Жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарына куәлік пен депутаттық төсбелгі тапсырылды

Саяси додадан кейін 107 депутаттың қатары біршама жаңарып, жасарғанын байқауға болады.

Сонымен төменгі палатаға дауыс саны бойынша 7 проценттік межені еңсерген үш партия өтті. Nur Otan партиясы – 76, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 12, «Қазақстанның Халық партиясы» 10 мандатқа ие болды. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 кандидат сайланды.

Бүгін олар Орталық сайлау комиссиясының ғимаратына арнайы щақырылды. Бірақ салтанатты шарада санитарлық талаптың ерекше ескерілгені көрініп тұр. Тіпті төсбелгіні тапсыру кезінде қол алысып, құттықтауға да тыйым салынған.

Анастасия Щегорцова, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

– «Ақ жол», Nur Otan және «Қазақстанның халық партиясы» саяси партияларының тиісті құжаттары осы жылдың 12 және 13 қаңтарында ұсынылды. Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық комиссиясы Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша дауыстарды санау хаттамасын ұсынды. Аталған өтініштер алынды. Сайлау заңнамасында Орталық сайлау комиссиясы әрбір депутатқа өзі белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні тапсыратыны көзделген.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1335758
Пікірлер

Көрші сілтемелер