Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 21:21 - 2021/01/11

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/sayasat/item/131023-ortalyk-sajlau-komissiyasy-sajlaudyn-aldyn-ala-korytyndysyn-zhariyalady


Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады

Сонымен партиялардың саяси додада жинаған дауыстарының нәтижесі мынадай.

«Nur Otan» партиясы халықтың 71,09 процентінің қолдауына ие болып көш бастады. Одан кейінгі орында «ақжолдықтар» тұр. Электораттың 10,95 % проценті аталған партияны қолдапты. «Қазақстан Халық партиясы» – 9,10 процент, ал «Ауыл» – 5,29 процент дауыс жинағаны белгілі болды. «ADAL» саяси партиясының үлесіне 3,57 процент дауыс бұйырыпты.

Парламент Мәжілісіне өту үшін партиялар 7 проценттік межені еңсеруі қажет. Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша Мәжіліске үш партия өтіп тұр. Елдегі саяси науқанды бақылауға барлығы 398 халықаралық байқаушы келген. Олар сайлаудың ашық және Заңға сай өткенін айтады.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында ТМД миссиясы сайлаудың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.

Виктор Бондарев, ТМД Байқаушылар миссиясының жетекшісі:

– Біз байқаушылар ретінде өз қызметімізді еш кедергісіз, Қазақстанның заңдары аясында атқардық. Сайлау ашық әрі әділ өтті. Демократиялық сайлау өткізудің жалпыға ортақ қағидалары мен Қазақстан Конституциясы және Сайлау туралы Заңына сәйкес ұйымдастырылған. Сайлаушылардың еркін таңдау жасауына жағдай жасалды.

Мирзо-Улугбек Абдусаломов, ТМД Байқаушылар миссиясының мүшесі:

– Біз көрші Өзбекстан елінен 40-тан астам байқаушы келдік. Негізінен Түркістан, Жамбыл облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қаласындағы дауыс беру нәтижесін бақыладық. Сайлау Қазақстан Конституциясына сәйкес өтті деп айта аламын. Халықаралық стандартқа да сай келеді. Бәрі ашық түрде өтті. Енді жаңа Парламент халықтың игілігі үшін қызмет етіп, елдің сенімін ақтайды деген үміттемін.

Елена Афанасьева, ТМД Байқаушылар миссиясының мүшесі:

– Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істеген бірнеше күн ішінде байқағанымыз, сайлаушылардың байқаушыларға деген құрметі, әсіресе халықаралық байқаушы екеніңді білсе, ерекше ілтитап білдіреді. Сайлау учаскелерінде байқаушы көп отырды. Таң қалдық деп айтуға болады. Байқаушылардың ішінде жастар мен әйел адам көп. Олардың саяси белсенділігі қуантады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1333577
Пікірлер

Көрші сілтемелер