Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қатаң карантин енгізу үшін ауруханалардағы науқастардың саны ескеріледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 21:45 - 2020/10/14

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/128443-katan-karantin-engizu-ushin-aurukhanalardagy-naukastardyn-sany-eskeriledi


Қатаң карантин енгізу үшін ауруханалардағы науқастардың саны ескеріледі

Тура бір апта бұрын Президент осы мәселеге үлкен назар аударған еді.

Ал енді коронавирусты анықтайтын ПТР тестінің ақысы қаншалықты арзандайтыны белгілі болды. ҚР Денсаулық сақтау министрі: «Оның құны 11 мыңнан 8900 теңгеге дейін, яғни 22% түсуі мүмкін», – дейді. Алексей Цойдың сөзінше, ведомствоның ұсынысы мақұлданса, тариф осы айдың соңында бекітілуі тиіс. Елдегі эпидем ахуал тұрақты болғанымен, Еуропада, тіпті көрші жатқан Ресейдің өзінде вирус өршіп тұр. Сондықтан Алексей Цой індеттің таралуын тежеу үшін елде қандай іс-шаралар қабылданып жатқанын БАҚ өкілдеріне айтып берді.

Денсаулық сақтау министрі, оның орынбасары және бас санитарлық дәрігер 1,5 сағат бойы 20 шақты тілшінің сан сауалына жауап берді. Алғашқы сұрақтардың бірі қалаларды карантинге жабуға байланысты қойылды. Ведомство басшылығы: «Карантин шараларын күшейтуде күніне жұқтырғандар көрсеткіші емес, ауруханалардағы науқастардың саны ескеріледі», – деді.

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Қатаң карантин енгізу үшін ауруханаға түскен адамдардың санын қараймыз. 30-35 мыңдай адам ауруханада жатса, қатаң карантин енгізіледі деп шешім шығарылып отыр.

Денсаулық сақтау министрі жазда ауырған қазақстандықтарға босаңсуға болмайтынын ескертті. Себебі ағзадағы антидененің 3-5 айдан кейін жойылып кетуіне байланысты адамдар коронавирусты қайта жұқтыруы бек мүмкін. Ал ІІ тоқсанда оқушылар сабақты онлайн жалғастыра ма, жоқ па? Ол эпидемиологиялық жағдайға байланысты болмақ.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Мектепке баратын оқушылар екі есе көп ауырады. Ал үйде отырғандар арасында вирусқа шалдыққандар сирек кездеседі. Білім министрлігімен ІІ тоқсанда қалай оқитынын шешкен жоқпыз. Әлі талқылап жатырмыз.

Бізге шеттен келетін жолаушылардан қауіп көп. Сондықтан өзге елдермен әуе қатынасы шектеледі. Жалпы 6 қазаннан бері Қазақстанға 15 мыңдай жолаушы келсе, соның тоғызынан вирус табылған екен.

Ерлан Қиясов, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

- Біз бірнеше бағыт бойынша рейстердің санын қысқартуды жоспарлап отырмыз. Дәлірек айтқанда, Украина, Германия, Беларусь және БАӘ-ге ұшақтар жіберуді шектемекпіз.

Денсаулық сақтау министрі: «Егер эпидемиологиялық жағдай талап етсе, елде төтенше жағдай қайта енгізіледі», – деді. Бірақ қатерлі кезеңді жеңіл өткеруіміз де әбден мүмкін. Ал бұл қазақстандықтардың, яғни сіз бен біздің санитарлық талаптарды қаншалықты сақтайтындығымызға байланысты болып отыр.

Авторлары: Зайнұр Байжігіт

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1280240
Пікірлер

Көрші сілтемелер