Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


«Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ «Хабар» Агенттігінің ұжымын мерейтоймен құттықтады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 08:57 - 2020/10/14

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/agenttik-zhanalyktary/item/128408-takiyaly-perishte-filmindegi-tajlak-khabar-agenttiginin-uzhymyn-merejtojmen-kuttyktady


«Тақиялы періште» фильміндегі Тайлақ «Хабар» Агенттігінің ұжымын мерейтоймен құттықтады

Әлімғазы Райымбеков «Хабар» Агенттігінің ұжымын 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Өйткені ең алғаш рет мені қалың елге танытқан қазақ кино өнерінің корифейі Шәкен Айманов болса, ұмытылып бара жатқан актерді іздеп тауып, көрерменмен қайта қауыштырған «Хабар» телеарнасы болатын. Оны мен ешуақытта ұмытпаймын», – дейді ақсақал.

Әлімғазы Райымбеков, актер:

- Бір күні Шәкен аға: «1-2 қызды алып келеді», – деді. Қазақ салтында қыз іздеп келу деген болмаған, ер азаматтар қалыңдық іздейді. «Қымызды кім ішпейді, қызды кім сүймейді» дегендей әңгіме айтты. «Сол қыздарды үйден қуып шығуың керек!», – деді. Жарайды деп келісіп, үйге келсем екі қыз отыр. Шешем: «Міне, мынау Тайлақ, Тайлақ келді», – деді.

Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» музыкалық комедиясы қанша рет қайталап көрсең де, жалықтырмайтын кинокартина екені даусыз. Өткен ғасырдың 70-жылдарында қалыптасқан жастардың қыз-қырқынмен Тайлақ болып танысқаны да белгілі.

Ал онда басты рөлдерді сомдаған актерлер халықтың сүйіспеншілігіне бөленгенімен, атақты режиссердің жұмбақ өлімінен кейін Әлімғазы Райымбековті көп ешкім елеп, ескере қоймады. Арада көп уақыт өткен соң оған іздеу салған Тілеуқабыл Мыңжасар ағамыз болатын. «Тақиялы періште» фильмін көрген сайын «Әлімғазы Райымбеков деген қандай адам? Біз неге оның тұрмыс-тіршілігі, отбасы жайлы ештеңе білмейміз» деп ойлаушы едім. Сөйтіп жүргенде ол кісінің ұлы мен менің ұлым әскерде азаматтық борышын бірге өтейтінін естіп, мекенжайын алдым. Телеарнамыздың басшыларына хабарласып едім, олар тақырыпты бірден бекітіп берді», – дейді журналистика ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар.

Тілеуқабыл Мыңжасар, журналистика ардагері:

- Сонымен мен ол кісіні іздеп, Алматы облысының Көксу ауданына келдім. Сөйтсек, фильмдегі сүрбойдақ өмірде он баланың әкесі және 14 немере мен төрт шөберенің атасы екен. Үлкен әулет. Сондай бір керемет, қуанышты жағдай болды.

Әлімғазы Райымбеков, актер:

- Қазір Құдайға шүкір, жолдасыммен қосылғалы 63 жылға кетті. Он баламыз бар. Бес ұл, бес қыз, 22 немерем, 20 шөберем бар. Аллаға мың да бір рахмет! «Хабардың» 25 жылдығында естеріңе алып келіп, сұхбат алғандарыңызға мың да бір рахмет! Өркендерің өссін!

Тілеуқабыл Мыңжасар ағамыздың сюжеті эфирге шыға салысымен, Әлімғазы Райымбековті іздеушілер қатары қайта көбейді. Журналистер мен киногерлерден түсетін қоңыраулар да жиілей бастайды. Содан бергі уақытта ақсақал 17 фильмге түсіп үлгерді. Өзі туып-өскен Көксу ауданы мен Алматы облысының құрметті азаматы атанды. «Мұның бәрі кезінде маған іздеу салған Тілеуқабылдай тілші мен «Хабар» Агенттігінің арқасы. Мен оны ешуақытта есімнен шығармаймын. 25 жылдық мерейтойларыңыз құтты болсын!», – деді ақсақал.

Авторлары: Ардақ Айбарұлы, Қуаныш Түргенбаев

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1279596
Пікірлер

Көрші сілтемелер