Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Әлем коронавирустың жаңа толқынын бастан кешуде



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 18:12 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/alemde/item/126658-alem-koronavirustyn-zhana-tolkynyn-bastan-keshude


Koronavirustyn zhana tolqyny

Әлем COVID-19-дың жаңа толқынына тап болды.

Жаһан елдерінің 70% вирус жұқтырудың күн сайынғы өсімін тіркеуде. Бұл – сәуір айынан бергі ең жоғарғы көрсеткіш. Вирус жұқтыру дерегі Испанияда көп. Мұнда маусым айындағы көрсеткішпен салыстырғанда өсім 8 есеге дейін артқан. Коронавирус жұқтыру статистикасын ұсынған 88 мемлекеттің жартысына жуығы өсімнің 3% артқандығын айтады. Ал Еуропаның 9 елінде көрсеткіш мұнан да жоғары. Кәрі құрлық мемлекеттері сәуір мен мамыр айларында қатаң карантин тәртібін енгізіп, вирустың таралуын азайтқан еді. Кейін шектеу шаралары жеңілдетіліп, ауру қайта өрши түсті.

Роберт Кох институтының мәлімдеуінше, инфекцияның таралуына басты себеп отбасылық мерекелерді тойлау, демалыс орындары мен кеңселер болып отыр.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1232312
Пікірлер

Көрші сілтемелер