Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Қостанай облысында 5 мың гектар жердегі егіс күйіп кетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 12:30 - 2020/08/02

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/126654-kostanaj-oblysynda-5-myn-gektar-zherdegi-egis-kujip-ketti


Astyq

Жазғы аптап ыстықта Жітіқара мен Қарабалық аудандарының астық алқабы біршама зардап шекті.

Ресми мәліметке сүйенсек, 4 мың 600 гектар егін күйіп кеткен. Бұл сақтандыру ақысын алуға өтініш берген үш шаруашылықтың ғана егістік аумағы. Жалпы биылғы жылдың 5 маусымынан елімізде өсімдік шараушылығын сақтандырудың жаңа жүйесі енгізілді. Берілген қысқа мерзімде көбі егістік алқаптарын сақтандырып үлгірмегенге ұқсайды. Облыс бойынша небәрі 4 шаруашылық құрылымы ғана сақтандыру шартын жасасқан. Мамандардың айтуынша, зардап шеккен алқаптары үшін олар 10 млн тг-ге жуық сақтандыру ақысын  алады. Жаңа жүйенің тиімді тұстары көп.

Дина Хамзина, Ауыл шаруашылығы  және жер қатынастары басқармасының бас маманы:
– Жаңа сақтандыру жүйесінің артықшылығы бар. Біріншіден, бұл міндетті емес, ерікті түрде. Екіншіден, сақтандыру жарнасының жартысын  мемлекет өтейді. Егер 1 мың гектар егін алқабы толық күйіп кетсе, 30 мың тг нормативпен 14 млн 500 мың тг сақтандыру төлемін алады.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1232185
Пікірлер

Көрші сілтемелер