Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


ҚМДБ құрбандық қай уақытта шалынатынын айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 16:27 - 2020/07/30

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/126627-kmdb-kurbandyk-kaj-uakytta-shalynatynyn-ajtty


Qurban ait

Құрбандық шалудың белгілі уақыты бар.

Құрбандықты одан алдын немесе кейін шалуға болмайды. Уақытынан бұрын шалған құрбандық өз отбасы үшін сойылған мал іспетті. Ол құрбандық болып есептелмейді. Ал уақытынан кейін шалса, оның етін садақа ету уәжіп болады, одан өзі жемейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, құрбандық шалу уақыты айт намазы оқылатын жерлерде айт намазынан кейін, ал айт намазы оқылмайтын ауылдарда таң атқаннан соң басталып, айттың үшінші күні күн батқанға дейін жалғасады. Бұл мәселеде мынадай үкім бар:
1. Қалалық жерде тұратын адам құрбандығын шалу үшін оны айт намазы оқылмайтын бір ауылға жіберсе және құрбандық сол ауылда таң атқаннан кейін шалынса дұрыс болады. Өйткені құрбандық иесінің тұратын жері емес, құрбандық шалынатын жер есепке алынады.

  1. Қатты суық, тасқын су, қалың қар және басқа да дәлелді себептермен айт намазы оқылмай қалса, құрбандық малы шамамен айт намазы оқылатын уақыт өткеннен кейін, яғни күн шыққан уақыттан бір сағат өткізіп шалынады.
  2. Бір күнді айт күні деп есептеп, адамдар сол күні айт намазын оқыса және құрбандық шалса, сосын оның арапа күні екені анықталса, оқыған намазы және шалған құрбандығы дұрыс болады. Ал құрбан айт күнінің келмегенін біле тұра шалған құрбандығы жай садақа болып қалады. Қазақ дәстүріндегі шектік рәсімі осыған тура келеді.
  3. Құрбандықты күндіз де, түнде де шалуға болады. Дегенмен түнде құрбан шалу мәкруһ делінген. Сондай-ақ құрбандықты айттың бірінші күні шалған – абзал.

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1230731
Пікірлер

Көрші сілтемелер