Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Карантин режимі 3 тамыздан бастап қалай жеңілдетіледі?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 11:54 - 2020/07/28

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/kogam/item/126582-karantin-rezhimi-3-tamyzdan-bastap-kalaj-zhenildetiledi


Karantindi zhenildetu

Қазақстанда 3 тамыздан бастап қатаң карантин режимін жеңілдету жоспарланып отыр.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді. Қатаң санитарлық және дезинфекциялық режимді, маска тағу, әлеуметтік арақашықтық сақтау ережелерін ұстана отырып, егер инфекцияның репродуктивтік деңгейі бірден төмен болса (R ≤ 1), сонымен қатар апта ішінде ауруханалардағы төсек-орынның толу деңгейі 70% аз болған жағдайда және өлім-жітімнің азаюйы тұрақты болса, мына инфрақұрылым нысандарының қызметіне рұқсат беріледі:

– сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары (уақыттың шектелуімен жұмыс істейтін болады);

– білім беру орталықтары, балаларды дамыту орталықтары, 5 адамнан аспайтын топтардағы үйірмелер;

– кезекші топтар режиміндегі мектепке дейінгі мекемелер;

– сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін орталықтар мен салондар (алдын ала жазылу бойынша);

– қоғамдық көлік (уақыт және сыйымдылығы шектеледі, кондуктор болуы керек);

– мемлекеттік қызметкерлер мен кеңсе қызметкерлерінің кемінде 80% қашықтан жұмыс істей береді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1228840
Пікірлер

Көрші сілтемелер