Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Арыс оқиғасына бір жыл: Зардап шеккендерге 6 млрд 261 млн теңге өтемақы төленген



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Хабар арнасы

Жолданған уақыты: 16:27 - 2020/06/24

Нақты Көзі: https://khabar.kz/kk/news/okiga/item/125876-arys-okigasyna-bir-zhyl-zardap-shekkenderge-6-mlrd-261-mln-tenge-otemaky-tolengen


Арыс оқиғасына бір жыл: Зардап шеккендерге 6 млрд 261 млн теңге өтемақы төленген

Арыс қаласында әскери қоймадағы жарылыстың салдарынан жарамсыз болып қалған 480 үй қайта салынды.

Бүлінген тағы 7155 баспана жөнделіп, пайдалануға берілді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек мәлімдеді. Оның айтуынша, 75 мың тұрғынның 62 мыңының дүние-мүлкі жарылыстан зардап шеккен деп танылған. Оларға 6 млрд 261 млн теңге мөлшерінде өтемақы төленген.

Мұрат Қадырбек, Арыс қаласының әкімі:

- Арыс қаласы бойынша төтенше жағдайдан зардап шеккен кәсіпкерлік нысандардың саны 467. Оның ішінде 404 нысанның иелеріне «Менің Атамекенім» қоғамдық қоры арқылы 3 млрд 69 млн теңге көлемінде кәсіпкерлік нысандарын қалпына келтіру үшін өтемақы төленді. 63 кәсіпкерлік нысан иелеріне қорда қаржының жетіспеуіне байланысты төлем алдағы уақытта жүргізіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=31&id=1207184
Пікірлер

Көрші сілтемелер