Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21741314637 %63 %

Қазақстандық автозауыттар биыл 12 мың көлік шығарды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:39 - 2019/05/19


Қазақстандық автозауыттар биыл 12 мың көлік шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың қаңтар-сәуірінде Қазақстанда 12 870 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда алғашқы 10 электр автобусы рейске шықпақ Биыл сатып алынған қызметтік көліктердің 100%-ы Қазақстанда құрастырылған

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 83,9 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 37,9 пайызға өсіп, 12 113-ке жетті.

Жыл басынан бері отандық автозауыттар 10 879 көлікті өткізіп, бұл көрсеткіш былтырға қарағанда 42,2 пайызға жоғары болды. Оның ішінде 3 368 автомобиль сәуір айында сатылып, бұл өз кезегінде саладағы үздік көрсеткіш ретінде тіркелді.

Төрт айдың қорытындысы бойынша жергілікті өндірістегі автомобильдерді сатып алуға тұрғындар 69,6 млрд теңге жұмсап, осы сома бір жыл бұрынғы деңгейден 68,5 пайызға жоғары болды.

Аталған мерзімде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (4 664 көлік), Hyundai (3 405), KIA (1 240), Skoda (290) және Chevrolet (233) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (160), UAZ (116), Ravon (68) және Peugeot (15) бар екенін атап өткен жөн.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2018 жылы Қазақстанда 32 298 автокөлік шығарылды. 

 

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=997039
Пікірлер

Көрші сілтемелер