Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com


Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты



Нұрәлем Facebook-ке Жазыл Тәңіртау YouTube-ке Жазыл Қазақтың 1001 Ертегісі (PDF)

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 19:30 - 2021/04/08

Нақты Көзі: https://www.inform.kz/kz/turki-akademiyasy-men-elbasy-kitaphanasy-ariptestik-baylanysty-nygayta-tusuge-uagdalasty_a3774022


Түркі академиясы мен Елбасы кітапханасы әріптестік байланысты нығайта түсуге уағдаласты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат кездесіп, өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойды.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады Елбасы ТМЫК бейресми саммитіне қатысты Түркістанда теңдесі жоқ «Farab» кітапханасы ашылады

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған меморандум тараптарға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың түркі интеграциясын қалыптастырудағы және дамытудағы рөлін зерделеу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Берікбайұлы Түркі академиясы тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалап, Академия басшысының арнайы келуіне ризашылығын білдірді.

Өз кезегінде Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі: «Түркі кеңесінің Құрметті Төрағасы болып саналатын Нұрсұлтан Назарбаев идеяларын жүзеге асыру Түркі академиясының да маңызды мақсаты. Сондықтан бұл бағытта Елбасы кітапханасы біздің сенімді серіктесіміз бола алатыны сөзсіз» деді.

Меморандумға салтанатты қол қою рәсімінен соң Дархан Қыдырәлі Түркі академиясы әр жылдарда шығарған 70 ғылыми еңбекті Елбасы кітапханасы қорына сыйға тартты.




Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1385828
Пікірлер

Көрші сілтемелер